Біздің оқу орны 1958 жылы Бірлік ауылында  МТС базасында  ауылшаруашылығын механизациялау училищесі болып ашылды.  

1962 жылға дейін оқу мерзімі 6 айдан 1 жылға дейін  болды. Училищеге оқушылар   аудан совхоздарынан  берген жолдамасы  арқылы оқуға қабылданып,  тракторист,  комбайнер, шофер-слесарь, чабан-механизатор  мамандықтарды игерді.

1965 жылдың қыркүйегінен №62 ауылшаруашылығын  механизациялау училищесі   № 62 ауылдық кәсіптік-техникалық  училищесі болып бекітілді. Оқу мерзімі бір  және екі жыл болды.

1972 жылдың  ақпан айында  училище Бірлік ауылынан аудан орталығы Фурмановка селосына  жаңа соғылған ғимаратқа көшіп келді.

1972 жылдан бастап  училище 1969 жылғы 2 сәуірдегі   СССР Министрлер Советінің №240 қаулысына сәйкес мамандық әрі орта білім беретін оқу орны болып қайта құрылды.

1982 жылы акт және спорт залы,  кітіпхана, типтік үлгідегі асханасы бар спорттық-тұрмыстық ғимараты пайдалануға берілді.

1984 жыл — № 16 ауылдық кәсіптік-техникалық училище болып қайта құрылды.

1986 жыл – оқушылардың игілігіне арналған 150 орындық  4 қабатты жатақхана іске қосылды.

1994 жыл — № 8  кәсіптік-техникалық мектеп.

1996 жыл – Жамбыл облысы әкімінің №293 «Жергілікті бюджет мекемелерінің құрылымдарын ретке келтіру» шешімімен  өзін-өзі қаржыландыру мекемесі болып қалды.

1998 жыл – «№8 кәсіптік-техникалық мектеп»  аудандық білім бөліміне қарасты  «№8 бағдарлы орта мектеп» болып қайта құрылды.

2001 жылдың 14 қыркүйегінен  Жамбыл облысы әкімиятының білім беру департаментінің «№8 кәсіптік мектебі» болып  қайта құрылды.

2008 жыл  — Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылдың 27 желтоқсанындағы №335 қаулысы бойынша   «№8 Кәсіптік лицей»

2012 жыл 3 шілде – КМКК «№ 8 Мойынқұм колледжі»

 

Білім мекемесінің тізгінің ұстап тұрған басшылар:

1958 —  1975       —  Инкарбеков Тасболат  —  білім мекемесін қалаушы

1975 – 1982      —  Ошақбаев Есенаман     —  спорт-тұрмыстық ғимараты соғылды

1982 —  1986      —  Қанаев Амангелді         —  төрт қабатты жатақхана  соғылды

1986  — 1996      —  Кемелқұлов Жиенқұл  —  училище жан жаққа танымал болды, оркестр құрылды

1996 —  2003      —  Қалығұлов Әзісхан       —  құлдырау кезенінде оқу орнын сақтап қалды

2004 —  2011      —  Аманов Сағынғали      —  атауы лицей болып  өзгерді

2011 —  2014      — Сұлтанов  Абзал           —   колледж атанды,күрделі жөндеуден өтті

2014 —  2018      —  Кенжебеков Дәурен  —   колледж білімгерлері  WorldSkills чемпионатына алғаш рет қатысты

2018 —                 —  Бейімбетов Қазыбек

 

Колледж тарихы қысқаша

1958-1972 жылдар аралығында ауылшаруашылық қажеттілігіне    үш мындай  механизатор, тракторист, комбайнер, автослесарь, электромонтер кадрлары даярланған.

1972 жылдан бастап  мамандықпен қоса орта білім беріліп, оқу мерзімі  үш жыл болғалы  білім мекеме қабырғасынан  46 жылда мыңдаған түлек ұшып, Қазақстан, Ресей, Германияның түпкір түпкірінде  жұмыс жасауда.